19.12.2024, 16:48 921

Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз тіркеді деген күдіктілер бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз тіркеді деген күдіктілер бас бостандығынан айырылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚМА баспрасөз қызметінен.

Бұған дейін тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталған. (https://t.me/afm_rk/2191) 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырғаны белгілі болды.

Бұл әрекеттер міндетті төлемдер мен салықтардың төленбеуіне және жалған құжаттарды пайдалануға әкеліп, мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар, соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі - Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қылмыстарға қарсы белсенді жұмысын жалғастырып, салықтар мен төлемдерден жалтаруға бағытталған құқық бұзушылықтарға қарсы күресуде және азаматтарды құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны