07.02.2025, 14:54 2366

Алматы облысында орман қорын заңсыз пайдаланудың 43 фактісі анықталды

Алматы облысында орман қорын заңсыз пайдаланудың 43 фактісі анықталды
Алматы облысында орман қорын заңсыз пайдаланудың 43 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтады.

Орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды.

Уақтылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдалануыналдын алды.

Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны