05.03.2025, 16:00 9686
Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды
Достарға айту
Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.
Еске сала кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын.
Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№61 мекеме" РММ ғимаратында қаралады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.03.2025, 16:15 9551
Талдықорғанда 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына соққыға жыққаны үшін 10 күнге қамауға алынды
Достарға айту
Талдықорған қаласы сотының үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды.
Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.
Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді.
Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚР ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.
Облыс прокуратурасы азаматтарды, егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, немқұрайлы қарамай, полицияға міндетті түрде хабарлауға шақырады.
Құқықтық тәртіп органдары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және заң аясында қорғау шараларын қабылдауға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 16:07 9391
"Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды
Достарға айту
Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды.
Марат Әбиев ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-тармағы (ұйымдасқан топты құру және басқару, сондай-ақ оған қатысу), 197-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы (мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз өңдеу), 234-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы (экономикалық контрабанда) бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктерді құруға және басшылыққа алуға байланысты қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырумен тағайындалды.
Оның сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімі бойынша айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алынған 6 млрд теңгеден астам қылмыстық табысы тәркіленді.
Бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары - Антон Новицкий, Жанібек Дарибаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметов - қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.
2018-2022 жылдар аралығында аталған тұлғалар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-да ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген.
Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылды, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылды.
Атап өтсек, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық табыс арқылы "Genesis" (немесе "Болашақ сәулетшілері") атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылдың 21 тамызында Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 10:57 10146
БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды
Достарға айту
БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Ташенбаевқа, оның қарамағындағы - бас маман Н. Ғатауға және "Алиханстройпроект" ЖШС директорының орынбасары А. Купбаевқа қатысты үкім шығарды.
Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Купбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Купбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыстың болмауынсыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 16:00 26056
Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды
Достарға айту
Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымы, патрульдік полиция және жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен бопсалаушылар тобының әрекеті тоқтатылды.
Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады.
1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді.
Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін.
Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:52 26261
Ақмола прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды анықтады
Достарға айту
2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткені анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды.
Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтады, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:49 26476
Абай облысында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Достарға айту
Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды.
Абай облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұнғат Адильбеков.
Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:30 26761
Ақмола облысында есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды
Достарға айту
2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг "гашиш" есірткі заты тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:18 23436
Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды
Достарға айту
Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н. Кажиннің үкімін жариялады.
Ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.03.2025, 10:48Үкімет комиссиясы "Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындыларын жариялады 05.03.2025, 16:04 15246Ірі бизнесі монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 5,5 млрд теңгеден астам айыппұл төледі05.03.2025, 16:11 15021"Қазақмыс" кенішіндегі апат: қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі05.03.2025, 16:21 14631Бектенов FAO-ның өңірлік өкілдерімен АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады05.03.2025, 16:24 14416Fly Arystan әуе билеттерінің құнын заңсыз көтерген
27.02.2025, 16:48 131016Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 130456LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 130241Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 107401Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 97996Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 269061ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 260166Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206751Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 172621"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168261Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді