19.11.2024, 16:33 726

Онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері жауапкершілікке тартылды

Онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы медициналық ұйымдардың онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне талдау жасады.

Жүйелік бұзушылықтар анықталды.

Дәрігерлер Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмағаны анықталды.

Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.

Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалуда.

Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны