18.12.2024, 11:24 616

Шымкенттік шенеунік балаларға мүгедектік топтарын белгілегені үшін пара алған

Шымкенттік шенеунік балаларға мүгедектік топтарын белгілегені үшін пара алған
Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін пара алған тұлғалар сотқа берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда.

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс жасайтын медбикенің көмектесуі арқылы алынған.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны