17.12.2024, 14:58 4761
Жетісуда танысының сенімін пайдаланып, пәтер тонаған күдікті қолға түсті
Достарға айту
Жетісуда танысының сенімін пайдаланып, пәтер тонаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Оқиға жазғы уақытта жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде орын алған. Белгілі болғандай, жәбірленушінің күйеу баласы қонаққа келген әйелінің сіңлісі пәтер иесінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан.
Ұрлық жасауға қолайлы уақытты күтіп, күдікті Талдықорғанға арнайы барып, үйдің бос тұрғанына көз жеткізген соң, пәтерге кірген. Ол үйден "Cartier" маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпағын қолды еткен.
Алайда бұл қылмыскердің алғашқы әрекеті ғана болып шықты. Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Алайда, материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне қайтып оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар түскен.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады.
Қазіргі таңда ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.12.2024, 15:04 4476
БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды
Достарға айту
БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 1 желтоқсанда Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы анықталды.
Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.
23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды.
Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды.
Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.
Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында 350-ден астам есірткі жарнамасы жойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 12:01 29531
Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталу сатысында
Достарға айту
Алматы облысының прокуратурасы Ш. Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасынан.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз.
Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз.
Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз.
Алматы облысының прокуратурасы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 10:33 32376
Перизат Қайраттың жылжымайтын мүліктері мен басқа да дүниелері тәркіленді
Достарға айту
ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері бұғатталды.
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды.
Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 11:23 38671
ҚМА Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тыйым тергеу жүргізілуде
Достарға айту
ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
⚡Еске салсақ, бұған дейін Агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын "Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.
Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған.
Ағымдағы жылдың 5 қазанында құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.
Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен "Қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:12 47026
Шымкентте есірткі сатушылар тобы ұсталды
Достарға айту
Шымкентте полиция есірткі сатушылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады.
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталды.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:09 47221
Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды
Достарға айту
Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша жерасты цехының қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңгені құрады.
Белгілі болғандай, жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған.
Осы факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне заңды шешім қабылдау үшін жолданды.
Тәртіп сақшылары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ азаматтарды құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабардар етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:32 54756
Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысындағы М. Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне мал ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.
Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап әкеткен. Қорадағы жануармен бірге ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізге түсіп, 30 шақырымдай жүрді.
Іздер Булаево - Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барды. Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында қазылған жерге үстін жауып тұрғызылған, ішіне қолдан жасалған пеш орнатылған жеркепені байқады.
Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқы етін кесіп жатқан жерінде ұсталды.
Алдын ала болжам бойынша полицейлер күдіктінің осы қылмысты жасағанын білген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:29 54936
Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды
Достарға айту
Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады.
Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.12.2024, 14:49Ең ірі "Атырау-Астрахань" жол жобасының құрылысы аяқталды 17.12.2024, 14:52 19796Президент Бектеновке әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылауды тапсырды17.12.2024, 15:07 19301275,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды17.12.2024, 15:18 19076Қазақстан жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 110 елді артта қалдырды17.12.2024, 15:20 187862023 жылғы қарашада "Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту" жобасы сәтті іске асырылды
12.12.2024, 17:30 108301Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108221Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды13.12.2024, 19:00 99531Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 99366Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады13.12.2024, 14:41 99296Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады
22.11.2024, 14:04 137921Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 137696Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 112261Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 108301Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108221Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды