19.07.2021, 23:39 14857

2022 жылы ҚР-да сүт өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу жоспарлануда - АШМ

Өөнімнің бөлшек сауда бағасында таңбалауға арналған жабдыққа өндіруші шығындарының үлесі 0,06-дан 0,15%-ға дейін құрайды.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - ҚР-да сүт өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу 2022 жылға жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Цифрлық таңбалау және тауарлардың қадағалануы сапасыз өнімдермен күресудің негізгі құралы болып табылады. Біріншіден, Data Matrix коды мерзімі өткен тауарлардың кассалық шығарылымын блоктайды, дүкендер мен дистрибьюторлар цифрлық кодтағы жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты өзгерте алмайды. Екіншіден, таңбаланған өнімді сатып алушы Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өндірушіге және мемлекеттік органдарға бұзушылықтар туралы сигнал бере алады. Үшіншіден, крипто-қорғаныс және цифрлық кодты қолдан жасай алмау өнімнің өзін де жалған жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл шаралар нарықты "ағартуға" және қазақстандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі", - деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

 
Бұл ретте өнімнің бөлшек сауда бағасында таңбалауға арналған жабдыққа өндіруші шығындарының үлесі 0,06-дан 0,15% - ға дейін құрайды. Мәселен, бір желі үшін таңбалау жабдығының құны кәсіпорынның көлеміне және өнім түрлеріне байланысты 0,5-тен 9,2 млн теңгеге дейін түрленеді.
 

Бұдан басқа, сүт өнімдерін өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделетін болады, олар таңбалау жабдығына жұмсалатын шығындардың 50% - ына дейінгі өтемақыны және кодтарға тапсырыс беру шығыстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, шағын өндірістерде таңбалау кодтарын өндірістік желіге салу бойынша жабдықты орнатпау, ал кодты баспахана арқылы қаптамаға салуға тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда таңбалау шығындары тағы 2,5-4 есе азаяды", - деп атап өтті ведомствода.

 
Айта кетейік, 2021 жылғы 1 маусымнан бастап Ресейде және 8 шілдеден бастап Беларуссияда сүт өнімдерін, атап айтқанда балмұздақ пен ірімшіктерді міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Сондықтан Қазақстанда тауарларды Data Matrix кодымен таңбалау отандық өндірушілерді қорғау және елдің сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін маңызды факторға айналуда. 
 
Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба болып табылады. 
 
ҚР-да 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау басталады. Қазіргі уақытта сүт саласынан басқа, пилоттық жобалар алкоголь, фармацевтикалық препараттар, қапталған су және құрамында қант бар сусындар мен жеңіл өнеркәсіп тауарларын цифрлық таңбалау бойынша өткізілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны