03.03.2025, 10:19 8396

Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады

Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады
Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны