03.03.2025, 11:23 8096

Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

 - тарихи-мәдени мұраны сақтау - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

 - археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

 - тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

 - қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

 - археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

 - мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

 - қаланың бірыңғай келбетін - сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

- басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

 - мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

 - туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны