2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда - 1,1%). Ақылы қызметтер - 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы - 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп
хабарлайды Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы суық суға - 29,2%, орталықтан жылытуға - 6,2%, ыстық суға - 5,3%, домофонға - 4,7%, электр энергиясына 1,8% өсті. Монша қызметтері - 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері - 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады.
Азық-түлік тауарларынан баға қиярға - 12,7%, қырыққабатқа - 12,3%, картопқа - 16,4%, қызанаққа - 6,1%, қызылшаға - 5,1%, лимонға- 4,9%, сиыр етіне - 3,7%, сарымсаққа - 3,2%, картопқа, жүзімге - 3,1%, күнбағыс майына - 3 %, алмаға - 2,7%, қой етіне 2,3% өсті. Бағаның төмендеуі апельсинге - 2,2%, күрішке - 1,4%, жұмыртқаға - 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге - 1,3%, құрылыс материалдарына - 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында - 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында - әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар - Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер - Астана қаласында 4% өсті.
2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы - 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% жоғарылады.
2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда суық суға тарифтер - 70,7%, электр энергиясына - 21%, орталықтан жылытуға - 18,2%, су бұруға - 17,3%, ыстық суға - 14,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 13,2%, қоқыс шығаруға 11,1% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері - 20%, ұялы байланыс қызметтері - 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері - 18,4%, сәлемдемелер жіберу - 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.
Ноутбуктің бағасы - 67,2%, ас үй пеші - 55,4%, сымсыз құлаққаптар - 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға - 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп - 62,1%, пияз - 27,3%, қырыққабат - 20,2%, сарымсақ - 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде - 20,4%, сәбіз - 6,6%, күріш - 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.