30.12.2022, 13:57 44511

Қазақстанда 2023 жылы 90 млн тоннадан астам мұнай мен 3 млн тоннаға жуық сұйытылған газ өндіру жоспарлануда

Сондай-ақ, 2023 жылдың I тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың ағымдағы техникалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді
Қазақстанда 2023 жылы 90 млн тоннадан астам мұнай мен 3 млн тоннаға жуық сұйытылған газ өндіру жоспарлануда
Сурет: kmg.kz
Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мұнай және газ саласын дамыту жөніндегі шаралар, сондай-ақ 2022 жылғы энергетика саласының негізгі көрсеткіштері және 2023 жылға арналған міндеттер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
 

2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 84млн. тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 96,5% - ды құрайды, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 64,8 млн. тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылғы деңгейден 4,1% - ға төмен. 2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары - 90,5 млн.тонна, экспорт бойынша - 71 млн. тонна. Жыл қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 18 млн. тоннаны құрайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8% - ға артық", - деді ведомство басшысы.

 
Мұнай өнімдерін өндіру 13,7 млн. тонна немесе 2021 жылмен салыстырғанда 108,3% деңгейінде күтілуде.
 
2022 жылы мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды және пайдалануға берілді, ол бүгінгі таңда мұнай айналымының 95%-ын бақылауға мүмкіндік береді.
 

Еліміздің экономикасы үшін жоғарыда аталған жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы шетелдік әріптестермен бірлесіп Ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспары әзірленетін болады",- деді Ақшолақов.

 
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының көмірсутек шикізатын экспорттауға арналған дәліздерді әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп Жол картасын әзірледі, ол мыналарды көздейді:
 
- Новороссийск, Усть-Луга порттарына одан әрі тасымалдаумен Атырау-Самара бағдарының қуатын қосымша жүктеу;
 
- Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, оның шеңберінде теміржол жолдарын жаңғыртуды жүзеге асыру және теміржол вагон-цистерналарының тауар паркін кеңейту, сондай-ақ Ақтау теңіз сауда портындағы мұнай құю айлақтарын реконструкциялау және жаңғырту жоспарланып отыр;
 
- сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбырының кейбір учаскелерін кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қытай Халық Республикасына мұнай экспортын ұлғайту жоспарлануда.
 
Алдағы жылы Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталады, бұл өткізу қабілетін жылына 53,7 млн.тоннадан 72,5млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Ведомство басшысы 2022 жылы мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайғанын атап өтті.
 
Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша: бензин өндірісі 5 млн.тоннаны, дизель отыны - 5,2 млн. тоннаны, авиакеросин - 0,67млн. тоннаны және мазут - 2,84 млн. тоннаны құрады. Сонымен қатар, 0,94 млн. тонна битум өндірілді.
 
Сондай-ақ, 2022 жылы Министрлік АИ-80, 92-93 және жазғы дизель отынын бөлшек саудада өткізуге арналған шекті бағаларды мемлекеттік реттеуді сақтау бойынша жұмыстар жүргізді.
 
Автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды ұзарту және транзиттік көлік үшін дизель отынына сараланған бағалар бойынша бұйрықтар қабылданды.
 
Алдағы жылы жоғарыда аталған шаралар сақталып, ұзартылатын болады.
 

2022 жылы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің базасында мұнай өнімдерін сатуды бақылау модулі іске қосылды. 2024 жылдан бастап мұнай базаларын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру міндеттемесі бойынша түзетулер қабылданды. 2023 жылы битум өндірісі 300 мың тоннаға ұлғайтылатын болады", - деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

 
Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9млн тоннаға дейін кеңейтуді базалық жобалау басталады.
 
Үкімет мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөнінде тиісті түзетулер қабылдайтын болады.
 
Түзетулер шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар немесе олармен үлестес тұлғалар өңдеу үшін мұнайды тікелей жеткізуді, мұнайды тікелей мұнай өңдеу зауыттары өзі сатып алуды, мұнай өнімдерін тек меншік немесе жалға алу құқығында мұнай базалары бар тұлғаларға көтерме жеткізуді (импортты, бірыңғай операторды және авиакеросин айналымын қоспағанда) жүзеге асыру ұсынылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны