23.03.2022, 14:50 26431

КҚК апатқа байланысты мұнай жеткізілімін үш есе төмендетуі мүмкін

КҚК апатқа байланысты мұнай жеткізілімін үш есе төмендетуі мүмкін
Сурет: cpc.ru
АҚТАУ. 23 НАУРЫЗ - Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл туралы КҚК мәліметінен белгілі болды.
 
Дауылдан кейін жағалаудан шығарылатын құрылғыларды тексеру кезінде арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгені анықталған. 
 
Атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы осындай үш жабдықпен жасақталған. 
 
Бұл жабдықтар жағалаудан қашықтау жерден танкерлерге мұнай тиеуге мүмкіндік береді. 
 

Жүйедегі аталған ақау күрделі болып саналады. Осы орайда құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы аталған жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр", - делінген таратылған мәліметте. 

 
Осыған байланысты штаттан тыс жағдай мен нарықтың ағымдағы конъюнктурасында жаңа бөлшектерді жеткізуде елеулі қиындықтар болуы мүмкін екені айтылып отыр. 
 
Бұл жағдайда Консорциум басшылығы жақын перспективада жүк жөнелтуші өтініміне қарағанда мұнай тасымалы көлемі үш есе төмендеуі мүмкін екенін хабарлап отыр. 
 
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге біраз уақыт керек болуы ықтимал.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны