29.03.2022, 17:15 12691

ҚР ИИДМ транзиттік тасымалдарды ұлғайту үшін үш жобаны іске асыруда

Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында Министрлік отандық электровоздар мен тепловоздарды сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - Еліміздің темір жолдарының өткізу әлеуетін тар жерлерде арттыру үшін ҚР ИИДМ 2025 жылға дейін 3 негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Солардың біріншісі - "Достық-Мойынты" жобасы. Оны іске асыру Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе ұлғайып, тасымал жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін жетеді", - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Екінші "Дарбаза-Мақтаарал" жобасы Орта Азия елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға аумағына шығуды қамтамасыз етеді.
 
Үшінші жоба - "Алматы станциясының айналма теміржол желісі". Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30% азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.
 

Осы орайда теміржол көлігі саласында жылжымалы құрамды жаңарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ, биыл "Қазақстан темір жолы" 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр", - деді Қайырбек Өскенбаев.

 
Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында Министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.
 
Өскенбаев өз баяндамасында биыл қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда: теміржол көлігімен жүк тасымалы 10%-ға артып, 70,8 млн тоннаны құрағанын; транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 20%-ға өсіп, 4 млн тонна болғанын, контейнерлермен тасымал 12%-ға артып, 174,7 мың жиырма футтық баламаға жеткенін атап өтті.
 
Ведомство басшысы биыл алдымызда теміржолмен жүк тасымалы көлемін 420 млн тоннаға, транзит тасымалдарды 24,5 млн тоннаға және контейнерлер транзитін 1 100 мың жиырма футтық баламаға дейін жеткізу міндеті тұр екенін айтты. 
 
Спикер, сондай-ақ, елімізде ISO-контейнерлерінің жеке өндірісін іске қосу жоспарлары туралы айтты.
 

Жалпы, 22 млн тонна экспорттық жүкті, контейнерлерге қайта бағдарлау көзделуде. Бұл, өз кезегінде қосымша 117 мыңға жуық контейнерді қажет етеді. Мәселен, "Қазақстан Инжиниринг", KLMZ "Мэйкер", SMP Group және FESCO отандық зауыттары базасында 20 және 40 футтық контейнерлер, сондай-ақ рулонды болат пен кен жүктеріне арналған контейнерлер өндірісін жолға қою жұмысы жүргізілуде", — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 
Сериялық өндірісті 2022 жылдың желтоқсанында жүзеге асырып, жылына 10 мың контейнерге дейін өндіру жоспарланып отыр.
 

Отандық өндірісті жолға қою, контейнерлердің жеткілікті паркін қалыптастыруға, тасымалдарды контейнерлеу үлесін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" отандық контейнерлерді өндірушілер мен сатып алушылар үшін жеңілдікпен кредит беру тетігін іске қосады", — деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны