13.06.2022, 16:01 7141

Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 189 теңге болды.
Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАУСЫМ - 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,2 млрд теңге бөлінді", - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты.
 
Депутаттар әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету мәселесін қарастыруды ұсынады.
 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР-да зейнет жасын төмендету мәселесі 2022 жылдың соңына дейін шешілетінін хабарлаған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны