10.08.2022, 14:45 9086

Қашағанда өндіріс қайта жанданды

Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлады.
Қашағанда өндіріс қайта жанданды
Сурет: Depositphotos
АТЫРАУ. 10 ТАМЫЗ - Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі", - деп хабарлады компанияда.

 
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қашағанда өндірістік учаске аумағында газдың ағып кету белгілерінің анықталуына байланысты жұмыстар тоқтатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны