19.01.2023, 11:04 28366

Қазақстан "Газпроммен" газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қойды

Құжат тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, қазақстандық газды Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері бойынша айқындайды
Қазақстан "Газпроммен" газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қойды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сәрсенбі күні, 18 қаңтарда, Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен "Газпром" ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.
 
Келіссөз қорытындысы бойынша, тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, қазақстандық газды Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған Жол картасына қол қойылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны