03.03.2025, 16:27 3096

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 533 млн АҚШ долларын құрады

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 533 млн АҚШ долларын құрады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Екі мемлекеттің басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілді.

Республикасының Премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $533 млн-ды құрады. Қазақстан Әзербайжанға $340 млн-нан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізуді арттыруға дайын. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.

Тараптар екіжақты тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін жұмсауға ниетті екенін растады.

Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде Қазақстан-Әзербайжан бағытындағы су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және салу жөніндегі құжат бар. Жоба байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыру, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беруді кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие.

Сондай-ақ келіссөздер барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды. Әзербайжан тарапы Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны