23.11.2022, 11:56 8336

Қазақстанда сүт өнімдері 28%-ға қымбаттады

Қазақстанда сүт өнімдері 28%-ға қымбаттады
Астана. 23 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 28,2%-ға өсті.
 
Сүт 28,3 пайызға, сүт консервілері 39,2 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 29,2 пайызға қымбаттаған. Өңірлік тұрғыда сүт өнімдері бағасының өсуі Маңғыстау, Қарағанды, Шымкент облыстарында байқалды.
 
Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында сүт өнімдерін өндіру 396 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 15,8 пайызға артық, деп хабарлайды energyprom.kz.
 
Сондай-ақ өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 6,2 пайызға, 472,5 мың тоннаға, сары май мен сыдырма - 9 пайызға, 20,9 мың тоннаға, сүт сыдырмалары - 26,6 пайызға, 4,7 мың тоннаға, ірімшік 2,5 пайызға, 30,5 мың тоннаға дейін, қоюландырылған сүт пен кілегей - 5,5 пайызға, 7 мың тоннаға дейін, йогурт - 3 пайызға, 191,7 мың тоннаға дейін, шұбат - 37,5 пайызға, 2,4 мың тоннаға дейін өсті.
 
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген сұйық сүт пен кілегейге сұранысты (ішкі нарықтағы сату плюс экспорт) 96 пайызға қамтамасыз етті. Осы кезеңде елімізде 373,4 мың тонна өнім өндірілсе, импорт - 15,6 мың тонна. Оның 10,1 мың тоннасы экспортқа шығарылса, қалған 378,8 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтардың шығындарының жартысынан көбі азық-түлік тауарларына тиесілі.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны