08.02.2023, 13:17 36056

Қазақстанда цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары әзірленді

Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады. Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын әзірледі.
 
Қағидалар жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2023 жылғы 22 ақпанға дейін жария талқылауға қолжетімді.
 
Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады. Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
 
Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеудің міндетті шарттары:
 
  1. цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы;
  2. ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы;
  3. Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы;
  4. цифрлық майнингтік пулының (негізгі және резервтік) аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз ету;
  5. ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулының және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі өтініштерінің болуы;
  6. цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік тілді (қажет болған жағдайда басқа тілдерде) пайдаланушы интерфейсінің болуы;
  7. мемлекеттік сервисімен ықпалдастыру.
 

Цифрлық майнерлер жабдықтарының есептеу қуаттарын біріктіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін цифрлық майнингтік пул бір жыл мерзімге аккредиттеледі", - делінген жоба мәтінінде.

 
Аккредиттеу үшін келесі құжаттар қажет:
 
  • "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі (портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы өтінішті;
  • Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің нақты орналасқан жерін растайтын құжат;
  • цифрлық майнингтік пулы ретінде аккредиттелуге жататын заңды тұлғаның аппараттық-бағдарламалық кешенінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар акт;
  • Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын құжат;
  • цифрлық майнингтік пулының аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растайтын құжат;
  • цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінде техникалық қолдау қызметінің болуын растайтын құжат;
  • цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік тілді (қажет болған жағдайда басқа тілдерде) пайдаланушы интерфейсінің болуын растайтын құжатты ұсынады.

Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
 
Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда майнинг туралы заң күшіне енді. 2023 жылдан 2028 жылға дейін майнерлер бюджетке шамамен 650 млрд теңге салық төлейді деп күтілуде.



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны