20.04.2023, 10:48 14321

"ҚазТрансОйл" ішкі нарыққа мұнай тасымалдау тарифін көтеруді жоспарлап отыр

"ҚазТрансОйл" ішкі нарыққа мұнай тасымалдау тарифін көтеруді жоспарлап отыр
Сурет: pixabay.com
Бекітілген тарифті өзгертуге негіз болатын - ҚР "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес белгіленген экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысын өзгерту әрекеті болып табылады

Астана. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне 2021-2025 жж арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің бекітілген тарифін өзгерту туралы өтініш жолдады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
 
Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды тасымалдау қызметіне тариф жобасы 1000 шақырымға тоннасына 5 012,42 теңгені құрады, бұл бекітілген тариф деңгейінен 656,86 теңге немесе 15%-ға жоғары.
 
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген тарифті бекіту және оның деңгейін анықтау туралы түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті қабылдайды.
 
 "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің 1000 км-ге тоннасына 4 355,57 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) қолданыстағы тарифі 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнайды ішкі нарыққа айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті өзгертуге негіз болатын - Қазақстан Республикасы "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аудан (қала) бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес белгіленген экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысын өзгерту әрекеті болып табылады.
 

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсетуге қажетті шығыстардың құнынан төмен болмауға және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп пайда алу мүмкіндігі ескерілуі тиіс", - деп түсіндірді мамандар.

 
 "ҚазТрансОйл" АҚ келесі тізімдегі салаларда табиғи монополия субъектісі болып табылады: мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер; электр энергиясын беру қызметтері; жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметтер; ағынды суларды бұру қызметтері.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны