25.04.2023, 09:48 64456

Маңғыстау облысында құны миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекет меншігіне қайтарылды

ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған
Жаңаөзен. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты Жаңаөзен әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты "Тазалық-С" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған. Атап айтқанда, комбинат арнайы техниканың жеткілікті санымен қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған", - деді ведомствода.


Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған. Апелляциялық сатымен жоғарыда аталған соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны