13.01.2023, 10:59 35026

Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі Германияға 300 мың тонна қазақстандық мұнайдың транзитіне рұқсат берді

Мұнайдың транзиті ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады
Астана. 13 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазТрансОйл" АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында "Транснефть" ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова застава" мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі.
 
Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған.
 

Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады", - деп түсіндірді компания.

 
Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Қытайға транзиті туралы келісім 10 жылға ұзартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны