31.12.2022, 09:50 49846

Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Қытайға транзиті туралы келісім 10 жылға ұзартылды

Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Қытайға транзиті туралы келісім 10 жылға ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Келісім Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді

Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ресей Федерациясының үкіметі Қазақстан арқылы Қытайға мұнай транзитінің мерзімін ұзартты.

Құжат бойынша мұнай жеткізу мерзімі - 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін.
 
Келісім "Атасу - Алашанкөл" құбырымен Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді.
 
Мұнай транзитін ресейлік "Роснефть" және қазақстандық "ҚазТрансОйл" компаниясы жүзеге асырады.
 
Айта кетсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 90 млн тоннадан астам мұнай мен 3 млн тоннаға жуық сұйытылған газ өндіру жоспарлануда.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны