Қарағанды облысында арнайы операция барысында қылмыстық топтың 40 мүшесі ұсталды
Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған
Сурет: Бейнеден кадр
Қарағанды. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар", - деп хабарлады полиция.
Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған.
Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде "Арселлор Миттал Теміртау" Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.
Сондай-ақ, топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды - бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық.
Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді.
Бұған дейін Қазақстанда бір жыл ішінде ҰҚТ-ның жиырма төрт көшбасшысы ұсталғаны хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.