13.02.2024, 20:20 51596

100-ге 100: Ресей мен Украина тұтқын алмасты

Бұл жолы да екі ел арасында Біріккен Араб Әмірліктері делдал болды
Ресей мен Украина тұтқын алмасты - екі жақтан 100 әскери қызметкер үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews сілтеме жасай отырып.

Владимир Зеленский оралған украиндықтардың басым бөлігі Мариуполь мен "Азовсталь" металлургия зауытын қорғағанын айтып, бүгінге дейін 3135 украин азаматы Ресей тұтқынынан босатылғанын жеткізді.

Бостандыққа шыққан ресейлік сарбаздар "емдеу мекемесінде ем алып, оңалтудан өту үшін" Мәскеуге жеткізілді.

Бұл жолы да екі ел арасында Біріккен Араб Әмірліктері делдал болды.

Тұтқын алмасу - Ресей Украинаға зымыран және дрон шабуылдарын жалғастырып жатқан кезде болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны