24.03.2024, 21:26 42816
Мәскеудегі "Крокуста" болған лаңкестіктен зардап шеккендер саны 152-ге жетті
Сурет: Alexander Zemlianichenko Jr/Xinhua
Достарға айту
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша "Крокус сити холлдағы" теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Crocus City Hall" концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.
Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.06.2024, 17:30 17591
Иранда президент сайлауы басталды
Достарға айту
Бүгін, 28 маусымда Иранда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Тasnim ақпарат агенттігігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи сайлау процесі басталған бойда дауыс беріп, барша ирандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ол сондай-ақ дауыс бергеннен кейін Иран халқы үшін ең жақсы күндер мен жылдар үшін дұға етті. Сайлау күнін ирандықтар үшін "бақыт пен қуаныш күні" деп сипаттаған Хаменеи алдағы бірнеше жылдағы елдің тағдырын белгілейтін президенттік сайлауға келу бәрінен де маңызды екенін баса айтты.
"Иран Ислам Республикасының әлемде жалғасуы, абыройы, қадірі мен қуаты халықтың бар болуына байланысты", - деді Хаменеи.
Ел бойынша сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:00-де ашылды және сайлау процесі он сағатқа созылады. Бірақ қажет болған жағдайда елдің Ішкі істер министрлігі сайлау мерзімін ұзарта алады. Ел ішінде және шетелде жалғасып жатқан сайлауға 61 миллион 450 мыңнан астам ирандық сайлаушы қатыса алады. 2006 жылдың 28 маусымында немесе одан бұрын туған ирандық дауыс беруге құқылы.
Республика бойынша 59 мыңға жуық сайлау учаскесі, оның ішінде 15 мыңнан астам жылжымалы учаскелер құрылған. Шетелдегі Иран азаматтарының қатысуы үшін 100 елде барлығы 340 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Сайлау мамыр айында Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты мерзімінен бір жыл бұрын өткізіліп жатыр. 1979 жылы Ислам революциясының жеңісінен бергі 14-ші жаңа әкімшілік маусым айының аяғында немесе шілденің басында билікке келіп, төрт жыл қызмет етеді.
Айта кетейік, Иран Президенті әкімшілігінің басшысы Ролам Хусейн Эсмаили ел Президенті Раиси мінген тікұшақпен қатарласа ұшқан әуе кемесінде болған. Ол қайғылы оқиғаға қатысты тың мән-жайды айтып берген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2024, 11:14 20916
Тоқаев Дербенттегі терактіге байланысты Путинге көңіл айтты
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 11:30 30716
БАҚ Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлады
Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады
Достарға айту
19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иранның Irna агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады.
Тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.
Осыған байланысты Ислам республикасының үкіметі жақын арада тиісті мәлімдеме жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 22:53 40186
Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
182 адам жарақат алған
Достарға айту
Теракт болған күні Crocus City Hall ғимаратынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Концерт залының қызметкері ТАСС-қа берген сұхбатында: "Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды", - деген. Оның айтуынша, өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жертөледен және шатырдан тағы 100 адамды құтқарған.
22 наурыз күні кешке Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында теракт жасалды.
Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 137 адам қаза тапқан, құрбандар саны артуы мүмкін.
Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 182 адам жарақат алған.
Терактіге қатысы бар 11 адам ұсталды, оның ішінде Украина шекарасына қарай қашпақ болған төрт тікелей кінәлі де бар. Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, алдын ала мәліметтер бойынша, теракт жасағандардың шекарадан өтуі үшін Украина жағында "терезе" дайындалып жатқанын айтты. Ол Crocus City Hall-ға шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалауға уәде берді.
Ел президенті 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2024, 21:40 42601
"Крокуста" болған теракт кезінде 15 жастағы жасөспірім жүзден астам адамды құтқарып қалды
Сурет: Mash
Достарға айту
Мәскеудің Красногорск қаласындағы "Крокус сити холда" болған теракт кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы Х.Ислам жүзден астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Оның мәліметінше, "Крокустың" киім ілгішінде жұмыс істеп, табыс табатын сегізінші сынып оқушысы концерт кезінде қарулы лаңкестердің дәл қасында болған. Исламның айтуынша, ол жарты сағаттай адамдардың ғимараттан шығуына көмектескен.
Дәл 23:00-де атыс басталды. Мен бірден адамдарды шығаруға жүгірдім. Өйткені қосалқы есіктердің қайда орналасқанын білетін едім. Кетіп қалсам, жүздеген адам өлетінін түсіндім. Қолымнан келгенінше біраз адамды шығарысып, үйге қайттым. Мен өзімді батыр деп санамаймын", - деді Ислам "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі Crocus City Hall ғимаратында адамдарға оқ жаудырды. Бұл кезде "Пикник" тобының концерті басталуы керек еді.
Ресей Тергеу комитеті лаңкестік әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнына мәскеулік жедел әрекет етуші жасақ мен арнайы мақсаттағы милиция отряды, сондай-ақ өрт сөндірушілер жіберілді. Crocus City Hall ғимаратына 30-дан астам облыстық және 20 жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
Атыс басталғаны туралы мәліметтен кейін ғимаратта өрт шыққаны хабарланды.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өртенген аумақ 12 900 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер адамдарды шатырдан шығарып, 100-ге жуық адамды эвакуациялады.
Мәскеу әуежайлары мен вокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Ресей Федерациясының бірнеше өңірінде төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
ФҚҚ Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысты 11 адамның ұсталғанын хабарлады.
24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша сенім телефоны ашылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.02.2024, 21:30 50356
Әзербайжан Министрлер кабинеті отставкаға кетті
Достарға айту
Әзербайжан Конституциясының 116-бабына сәйкес (Әзербайжан Республикасы Министрлер Кабинетінің отставкасы) жаңадан сайланған Әзербайжан Республикасының Президенті қызметіне кірісіп, өз өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскен күні Әзербайжан Республикасының Министрлер Кабинетінің отставкаға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Әзербайжан Конституциясының 118-бабына (Әзербайжан Республикасының Премьер-министрін тағайындау тәртібі) сәйкес Әзербайжан Республикасының Премьер-министрін Милли Меджлистің (парламент) келісімімен Әзербайжан Республикасының Президенті тағайындайды.
Премьер-министрдің кандидатурасы туралы ұсыныс Әзербайжан Республикасы Президенті Милли Меджлистің қарауына қызметіне кіріскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей немесе Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті отставкаға кеткен күннен бастап екі аптадан кешіктірмей енгізіледі.
Милли Меджлис Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің кандидатурасы бойынша шешімді осы кандидатура ұсынылған күннен бастап бір аптадан кешіктірмей қабылдайды. Көрсетілген тәртіп бұзылса немесе Әзербайжан Республикасының премьер-министрі лауазымына Әзербайжан Республикасының Президенті ұсынған кандидаттарды тағайындауға келісім үш рет берілмесе, Әзербайжан Республикасының Президенті премьер-министрді Милли Меджлистің келісімінсіз тағайындай алады.
Бүгін Милли Меджлисте Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті.
Еске сала кетейік, Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтті.
Жақында Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы республикада өткен президент сайлауының қорытындысын шығарды, оған сәйкес Ильхам Әлиев мемлекет басшысы болып қайта сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2024, 20:20 51491
100-ге 100: Ресей мен Украина тұтқын алмасты
Бұл жолы да екі ел арасында Біріккен Араб Әмірліктері делдал болды
Достарға айту
Ресей мен Украина тұтқын алмасты - екі жақтан 100 әскери қызметкер үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews сілтеме жасай отырып.
Владимир Зеленский оралған украиндықтардың басым бөлігі Мариуполь мен "Азовсталь" металлургия зауытын қорғағанын айтып, бүгінге дейін 3135 украин азаматы Ресей тұтқынынан босатылғанын жеткізді.
Бостандыққа шыққан ресейлік сарбаздар "емдеу мекемесінде ем алып, оңалтудан өту үшін" Мәскеуге жеткізілді.
Бұл жолы да екі ел арасында Біріккен Араб Әмірліктері делдал болды.
Тұтқын алмасу - Ресей Украинаға зымыран және дрон шабуылдарын жалғастырып жатқан кезде болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2024, 16:01 52781
Чилидегі өрттен қаза тапқандар саны 131-ге жетті
Достарға айту
Өткен аптаның соңында Чилиде болған орман өрті салдарынан кем дегенде 131 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам із-түзсіз жоғалып кетті. Әзірге 35 адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Өрттен қатты зардап шеккен аудандарға жақын орналасқан Вальпараисо қаласында жақындарын іздеп жүргендерге психологиялық қолдау көрсетіліп, ДНҚ тестілеуі жүргізіліп жатыр. Алайда бұл процесс табылған денелердің қатты күйіп кетуіне байланысты ұзаққа созылуда.
Бұл - 500-ден астам адамның өмірін қиған 2010 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейінгі елде болған ең ауыр табиғи апат. Президент Габриэль Борич сейсенбі күні аймаққа барып, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін айтты.
Бұған дейін Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.11.2024, 12:37Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады 21.11.2024, 12:40 6956Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды21.11.2024, 12:29 3206Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды21.11.2024, 12:35 3016Кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадициялады21.11.2024, 12:22 2181Қазақстан мен Мажарстан инвестиция көлемі 5 540 млн астам бірлескен жобаларды іске асыруда
14.11.2024, 15:50 94816ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:36 94711Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 94646Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:30 94561Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:01 94326Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140851Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137626Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134926Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130481Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 130306Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді