25.03.2024, 22:53 40291

Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған

182 адам жарақат алған
Теракт болған күні Crocus City Hall ғимаратынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Концерт залының қызметкері ТАСС-қа берген сұхбатында: "Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды", - деген. Оның айтуынша, өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жертөледен және шатырдан тағы 100 адамды құтқарған.

22 наурыз күні кешке Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында теракт жасалды.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 137 адам қаза тапқан, құрбандар саны артуы мүмкін.

Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 182 адам жарақат алған.

Терактіге қатысы бар 11 адам ұсталды, оның ішінде Украина шекарасына қарай қашпақ болған төрт тікелей кінәлі де бар. Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, алдын ала мәліметтер бойынша, теракт жасағандардың шекарадан өтуі үшін Украина жағында "терезе" дайындалып жатқанын айтты. Ол Crocus City Hall-ға шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалауға уәде берді.

Ел президенті 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны