07.06.2022, 16:13 19191

Қазақстанда жүктілік және босану бойынша төлемдер өседі

Қазақстанда жүктілік және босану бойынша төлемдер өседі
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болашақ аналарға төленетін төлем көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
 
Бала күтімімен айналысатын қазақстандық әйелдер жалақысының көп бөлігін ай сайынғы төлем түрінде алатын болады.
 

Бүгін бала күтімі бойынша әйелдер еңбекақысының көбірек үлесін алуы үшін мөлшерді ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескере отырып, жұмысынан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту қарастырылуда жатырмыз", – деді Тамара Дүйсенова.

 
Бірақ әйелдер бұрынғыдай, декретке шыққанға дейін 12 ай ішінде өз жалақысынан аударымдар жасауы тиіс.
 
Ақпарат көзі: 7kun.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны