07.04.2021, 21:18 17274

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінім қабылданды

АЛМАТЫ. 7 СӘУІР - "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 9 741 өтінім қабылданды.
 
Биылғы жылдың 10-31 наурыз аралығында "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды.
 
Бағдарламаға қатысуға 9 741 өтініш түсті, оның ішінде:
 
- Денсаулық сақтау саласы - 2 614;
 
- Білім беру саласы бойынша -3 560;
 
- Мәдениет саласы - 348;
 
- Спорт саласы- 98;
 
- ЖОО мен ҒЗИ саласы -1 103;
 
- Әлеуметтік сала бойынша -715;
 
- БАҚ саласы -172;
 
- Құқық қорғау органдары -1 131.
 
Өтініштерді қабылдау электрондық цифрлік қолтаңба арқылы электронды түрде www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асырылды. Ұпайларды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Оған қоса тапсырған өтініштің жағдайын сайттағы кабинеттен өздігінен бақылау мүмкіндігі бар.
 
Бүгінгі күні тапсырған өтініштерді жүктеу мен бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру іске асырылып жатыр. Кейіннен әр санат бойынша ең жоғары ұпайлардың негізінде тізім жасалады.
 
Тұрғын үй қарыздарының берілуінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында іріктелген, резервке енгізілген және қайтарылған қатысушылардың тізімдері өтінімдерді қабылдау сайтының сәйкес бөлімдерінде орналастырылатын болады.
 
Бағдарлама бойынша 1 000 азаматты баспанмен қамту жоспарланған.
 
Іріктелген үміткерлерге "Отбасы банк" АҚ арқылы төлем қабілеттілігін растау үшін өтінімдерді қабылдау сайтындағы кабинетке жолдама беріледі. Тұрғын үй қарыздары төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушыларға жалпы қарыздың 10 % болған жағдайда 5%-бен 18 млн теңгеге дейін бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін беріледі. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны