02.12.2021, 21:04 53566

Алматыда балабақшалар мемлекеттік меншікке қайтарылады

Алматыда балабақшалар мемлекеттік меншікке қайтарылады
Сурет: mgpu.ru
АЛМАТЫ. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Алматыда мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілігі бар екенін атап өтті. Сондықтан, жаңаларын салумен қатар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттарын қала меншігіне қайтару жүргізілуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл ғимараттарды жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімдік жеке кәсіпкерлермен шарттарды ұзартпайды. Кейіннен осы объектілерде мемлекеттік балабақшалар ашылатын болады. Айта кетсек, қазіргі уақытта көптеген нысандар қанағаттанарлықсыз жағдайда, жобалық қуаттылықты арттыру және сейсмикалық күшейту арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар үшін орын санын 1200-ден 1800-ге дейін арттыру көзделіп отыр", - деді І. Өсеров.

 
Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Алматы бойынша үш балалар музыкалық мектебін - №1 (хор), Прокофьев атындағы №3 және №11 жеке секторға беру жоспарланған. Алайда, балаларды мектептен тыс тегін, оның ішінде музыкалық біліммен барынша қамтуға байланысты бұл мектептер жекешелендірілетіндер тізімінен шығарылды.
 
Бұл ретте жекешелендірілетін объектілер тізбесінен үш стратегиялық кәсіпорынды – "Алматыэлектротранс" ЖШС, "ЭкоАлматы" ЖШС және ШЖҚ "Алматы тазалық" МКК алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны