31.03.2023, 08:45 46851

Алматының Бостандық ауданындағы төрт шағын ауданның тұрғындары газсыз қалды

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары сағат 09.00-де басталады
Алматының Бостандық ауданындағы төрт шағын ауданның тұрғындары газсыз қалды
Алматы. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Бостандық ауданында газ тарату құрылғысында апатқа қарсы қорғаныстың іске қосылуынан тұрғын үйлер апатты жағдайда көгілдір отыннан ажыратылды.

 "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне ақпарат 30 наурыз сағат 19:45-те түскен. Оқиға салдарынан төрт шағынауданның (Орбита-1,2,3,4) тұрғындары уақытша газсыз қалды.

 "ҚазТрансГаз Аймақ" мамандары апат орнына барып, жедел шаралар қабылдады. Оның ішінде газ тарату пунктерінде кіру және шығу жолындағы бекіткіш арматуралар жабылып, қорғасынды пломбамен пломбаланды. Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес, түнгі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Осыған байланысты жұмыстар ертең таңғы сағат 09:00-де басталады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны