25.11.2021, 16:32 64325

Қазақстандық колледждерде сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАРАША - Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. 
 
Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. 
 
Сондай-ақ жіктеушіден "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.
 

Біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық. Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру", "Графикалық және мультимедиялық дизайн", "Тас өңдеу өндірісі", "Ландшафтық дизайн", "Жылжымайтын мүлікті басқару", "Дестинацияны басқару", "Құрылыстағы сметалық іс", "Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады", – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны