14.03.2022, 17:25 12531

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы екі жылдық күресті қорытындылады

Қазақстанда короновирус инфекцияның алғашқы жағдайлары 2020 жылғы 13 наурызда тіркелген болатын және соңғы екі жыл ішінде елімізде сырқаттанушылықтың таралуын болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы екі жылдық күресті қорытындылады
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - Қазақстанда короновирус инфекцияның алғашқы жағдайлары 2020 жылғы 13 наурызда тіркелген болатын және соңғы екі жыл ішінде елімізде сырқаттанушылықтың таралуын болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап Ведомствоаралық комиссия құрылды, Комиссия 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылдады. Комиссия  COVID-19-дан халық денсаулығын сақтау және қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайту, дәрілік заттарды, иммундық-биологиялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, жеке қорғаныш құралдарын сатып алу мәселелері бойынша, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шектеу шараларын күшейту және жеңілдету мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

Екі жыл ішінде біз сырқаттанушылық 1 айдан 3 айға дейін созылып  5 рет көтерілді. Бұл ретте  сырқаттанушылықтың  әрбір көтерілуі алдыңғы сырқаттанушылықтан жоғары болды", - деп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде айтылды.


Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, күн сайын 100-ге жуық жағдай тіркеледі.

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда қысқа мерзімде 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана реконструкцияланды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

64 оттегі станциясы пайдалануға берілді, 3 мыңнан астам (өкпені жасанды желдету) ӨЖЖ аппараты сатып алынды. 185 аудандық аурухана 100% рентгендік диагностикалық жабдықтармен жабдықталды. Жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілді, жылжымалы медициналық кешендер паркін 100% жарақтандыруға қол жеткізілді.

Еліміздің 184 зертханасында коронавирус инфекциясының ПТР диагностикасы жүргізілуде, пандемия басталғалы бері республикада 22 миллионнан астам зерттеу жүргізілді.

ПТР диагностикасын қамтамасыз етумен қатар, сырттан әкелінген жағдайларды және вирустың мутациялық өзгергіштігін мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін Министрлік вирустарды генетикалық зерттеуді үнемі жүргізіп отырды (1331 сынаманы 26420 зерттеу жүргізілді). Республика аумағында коронавирус инфекциясының 5 штамының (Альфа, Бета, Дельта, Эта, Омикрон) айналымы анықталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары құрылды. Коронавирус инфекциясын емдеу үшін 2 айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды.

Өткен жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғындарды вакциналау басталды. Біздің елімізде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында «Спутник V», «Спутник Лайт» (Ресей) вакциналарын өндіру іске қосылды. Ұлттық биологиялық қауіпсіздік институтының базасында «QazVac» отандық вакцинасы әзірленді және өндірілуде.

Коронавирус инфекциясына қарсы халықты ревакцинациялау жалғасуда. Вакцинация науқаны басталғалы бері республика азаматтарына вакциналардың 6 түрі (Спутник V, QazVac, Hayat-Vax, SinoPharm, Спутник Light және Pfizer) қолжетімді. Барлығы I компонентпен 10,3 млн.адам, II компонентпен – 9,7 млн. адам вакцинацияланды. 2,9 млн. адам қайта вакцинацияланды", - деп министрлікте хабарлады.


2021 жылғы қаңтарда шектеу шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы балансты белгілеу мақсатында бірыңғай интеграциялық порталмен және вакцинациялаудың электрондық паспортымен интеграцияланған «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді, осы мобильдік қосымша науқастар мен байланыста болған адамдарды қадағалауға мүмкіндік береді және жаппай жиналатын орындарға бару қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Зертханалық зерттеулердің бірыңғай базасы әзірленді, онда меншік нысанына қарамастан барлық зертханалар жүргізетін COVID-19-ға ПТР-зерттеулердің орталықтандырылған есебі жүргізіледі.

30 елде (Аргентина, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Мажарстан, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Эстония, Жапония, Чехия, Черногория, Шри-Ланка, Эквадор) танылатын электрондық вакцинация паспорты енгізілді", - деп баспасөз қызметінен нақтыланды.


Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз шектеу шараларын қайта қарастырдық. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тәуекелдің қызыл аймағында орналасқан аймақтарды қоспағанда, барлық шектеу шаралары алынып тасталды.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына септігін тигізеді". - деп ҚР ДСМ-де қорытындыланды.




 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны