06.06.2022, 13:30 15111
Референдум-2022: exit poll нәтижелері жарияланды
Достарға айту
"Қоғамдық пікір" институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді.
Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды. Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сұрауға 24 мың респондент қатысты.
Респонденттерге "Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?" деген бір ғана сұрақ қойылды.
Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады", - делінген зерттеуде.
Cонымен қатар "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды. Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді.
Ал "СОЦИС-А" компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі сауалнамаға қатысқандардың 76,7% Конституцияға өзгеріс енгізуге "иә" деп жауап берсе, 23,3% қарсы болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын берді.
5 маусымда елорда уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.
ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткізілген республикалық референдумда 8 030 739 азамат бюллетень алғанын айтты.
Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2025, 16:32 8306
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қауіпті аймақтарда өзендердегі мұзды әлсірету үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылып, су өткізу жүйелері тазартылып жатыр, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылы маңында мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жеткендіктен, мамандар арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл шара өзен арнасында мұз кептелістерін болдырмау үшін қажет болды. Нәтижесінде 10 692 шаршы метр аумақтағы мұз қабаты әлсіретілді. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, "KazExploService" ЖШС мамандары және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Глубокое ауданында да осындай шаралар жүргізілді. Глубочанка өзенінің сағасында 3 232 шаршы метр аумақта мұз қабаты бұзылды. Сарапшылардың айтуынша, мұзды алдын ала бұзу - судың еркін ағуына мүмкіндік беріп, тасқын қаупін азайтады.
Глубокое кентінде және Белоусовка, Прапорщиково, Уварова, Прогресс, Черемшанка ауылдарында да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл елді мекендерде арық жүйелері тазартылып, жаңа су арналары қазылуда. Сондай-ақ су басу қаупі бар аймақтарға қажетті материалдар жеткізілуде.
Мұндай іс-шаралар су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған және төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында өтеді. Мамандар қажетті шараларды уақтылы қабылдау үшін мұз жағдайын бақылауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:22 9266
Қазақстанда суық суға тарифтер бір айда шамамен 30% - ға өсті
Достарға айту
2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда - 1,1%). Ақылы қызметтер - 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы - 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы суық суға - 29,2%, орталықтан жылытуға - 6,2%, ыстық суға - 5,3%, домофонға - 4,7%, электр энергиясына 1,8% өсті. Монша қызметтері - 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері - 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады.
Азық-түлік тауарларынан баға қиярға - 12,7%, қырыққабатқа - 12,3%, картопқа - 16,4%, қызанаққа - 6,1%, қызылшаға - 5,1%, лимонға- 4,9%, сиыр етіне - 3,7%, сарымсаққа - 3,2%, картопқа, жүзімге - 3,1%, күнбағыс майына - 3 %, алмаға - 2,7%, қой етіне 2,3% өсті. Бағаның төмендеуі апельсинге - 2,2%, күрішке - 1,4%, жұмыртқаға - 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге - 1,3%, құрылыс материалдарына - 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында - 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында - әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар - Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер - Астана қаласында 4% өсті.
2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы - 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% жоғарылады.
2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда суық суға тарифтер - 70,7%, электр энергиясына - 21%, орталықтан жылытуға - 18,2%, су бұруға - 17,3%, ыстық суға - 14,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 13,2%, қоқыс шығаруға 11,1% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері - 20%, ұялы байланыс қызметтері - 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері - 18,4%, сәлемдемелер жіберу - 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.
Ноутбуктің бағасы - 67,2%, ас үй пеші - 55,4%, сымсыз құлаққаптар - 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға - 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп - 62,1%, пияз - 27,3%, қырыққабат - 20,2%, сарымсақ - 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде - 20,4%, сәбіз - 6,6%, күріш - 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:15 9576
Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Достарға айту
Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісімшарт талаптарының бұзылуына әкеледі.
Қорғаныс министрі жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды, сонымен қатар ол мемлекеттік орган мен қорғаныс-өнәркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының отандық өндірісті дамыту және жалған кәсіпкерлік, жасырын импорт пен бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтауға күш-жігерді біріктіруге шақырды.
Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120-дан аса компания бар, дегенмен олардың барлығы нақты өндірушілер емес. Олардың біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейтіндер", - деді ол.
Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл мәселені құрамында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және "Атамекен" ҰКП өкілдері бар комиссия құру арқылы шешуге болады. Бұл комиссия өзін әскери мақсаттағы өнім өндірушілер ретінде көрсететін кәсіпорындарды тексереді. Одан өзге министр, шетелден технологияларды сатып алу кезінде де өндірісті одан әрі оқшаулау Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді.
Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс. Мұның бәрі орындалуы керек", - деді министр.
Конференция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының қауымдастығы отандық қорғаныс саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық тұғырнамасын әзірлеу үшін бірлескен комиссия құруға шешім қабылдады.
Қорғаныс министрі қауымдастық мүшелері көтерген барлық мәселелер өзекті болып табылатынын атап өтіп, бағаны реттеу мен келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беретінін алға тартты. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы шеңберінде барлық проблемаларды шешуге болатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 13 ақпанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығының қабылдануымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру міндеттері Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 11:23 10276
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
- тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
- қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
- мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
- қаланың бірыңғай келбетін - сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
- басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
- мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
- туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 10:19 11046
Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады
Достарға айту
Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.03.2025, 13:39 67591
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл - халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең.
Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр - бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.
Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады.
Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Ниет қабыл болсын!", деген тілек білдірді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 18:30 67846
Ғарыш айлағындағы кездесу: Цифрлық даму министрі мен Роскосмос басшылары бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті, де хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен "Бәйтерек" жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.
Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.
Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:15 68156
ОСК аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығыстарының мөлшерін бекітті
Достарға айту
2025 жылғы 30 наурыздағы тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметінен.
1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау - 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2025, 10:19Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады 03.03.2025, 11:23 9131Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды03.03.2025, 16:15 8431Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды03.03.2025, 16:22 8121Қазақстанда суық суға тарифтер бір айда шамамен 30% - ға өсті03.03.2025, 16:32 7161ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
27.02.2025, 16:48 129116Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 128946LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 128736Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 99136Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96086Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268736ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259841Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206436Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 167926Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167661Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады