15.04.2022, 17:21 42776

ҚР мемлекеттік органдары қағаз сатып алуды үш есеге қысқартады

ҚР мемлекеттік органдары қағаз сатып алуды үш есеге қысқартады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Бюрократиядан арылту аясында мемлекеттік органдардың қағаз сатып алу шығындарын үш есеге қысқарту тапсырылды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Президенті жақында қол қойған бюрократиядан арылту туралы Жарлықпен кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға бюджет шығындарын үш есе қысқарту тапсырылды, деп хабарлады Шаимова ОКҚ брифингінде.
 
Уәкілетті органның мәліметінше, қазір бұл мақсатқа тек орталық деңгейде 7 млрд теңге жұмсалады.
 

Жарлықта көзделген шаралар мемлекеттік органдарды қағазсыз ортаны қамтамасыз етуге ынталандыратын және өзара іс-қимылдың цифрлық форматына баса назар аударатын болады", - деп түсіндірді ол.

 
Ол Жарлықта заң шығару аясында қағаз тасымалдаушылардан бас тарту қарастырылғанын айтты.
 
Бұдан басқа, рәсімдік мәселелер жетілдірілетін болады, бұл жекелеген процестерде формализмді айтарлықтай жояды. 
 

Мысалы, нормативтік актілердің жобаларын "әдепкі қалпы бойынша келісу" құралы енгізіледі. Бүгінде мемлекеттік органда жобаға қатысты ескертулер болмаса, ол әзірлеушіге жазбаша жауап беруге міндетті. Енді мұндай қажеттілік алынып тасталады. Бұл мұндай жауаптарды дайындауға кететін жұмыс уақытының шығынын едәуір қысқартады, әсіресе міндетті келісуші мемлекеттік органдардың жүктемесін азайтады", - деп түсіндірді спикер.

 
Ведомстволық деректерді талап ету үшін мемлекеттік органдар арасында сұрау жіберу де алып тасталады. Олар мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарында қолжетімді болуы тиіс.
 

Бұл қазіргі уақытта тиісті хат-хабарларға кететін қызметкерлердің жұмыс уақытының үштен бір бөлігін үнемдейді. Сонымен қатар, егер уәкілетті органдар деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз етпесе, онда олар басқа мемлекеттік органдардың жалған мәліметтерді пайдаланғаны үшін жауап береді", - деп атап өтті спикер. 

 
Сондай-ақ есептердің барлық түрлерін бір ақпараттық жүйеде жүйелеу жоспарланған. Енді мемлекеттік органдарға бытыраңқы дереккөздерден қажетті деректерді іздеу қажет болмайды, олардың барлығы бір жүйеде жинақталады. 
 

Белгіленген шаралар шеңберінде "Е-өтініш" жүйесі өтініштердің барлық түрлерін қабылдау үшін "бір терезе" ретінде өзгертілетін болады", - деп қосты спикер.

 
Естеріңізге сала кетейік, бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа ҚР Президенті 14 сәуірде қол қойған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны