27.03.2023, 12:07 17691

Қазақстанда парламенттік сайлаудың түпкілікті қорытындысы шығарылды

Қазақстанда парламенттік сайлаудың түпкілікті қорытындысы шығарылды
Қазақстан Мәжілісіне 5%-дан астам дауыс жинаған алты партия кірді

Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды.

бейнеден кадр

Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы - 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы - 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы - 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;

6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

Бәріне қарсымын" бағаны - 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.



ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:

1. Amanat партиясы - 40 мандат;

2. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 8 мандат;

3. Respublica партиясы - 6 мандат;

4. Қазақстан халық партиясы - 5 мандат;

5. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 6 мандат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 4 мандат.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша өткізілді. Биыл Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық үлгіге көшу, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық заң шығарушы орган палаталарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге көшіру жүзеге асырылды.

Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізімдер бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны