11.10.2022, 18:36 12446

Қазақстанда тағы 33 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды

Қазақстанда тағы 33 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның түрлі өңірлерінің әкімдіктері заңсыз берілген 33 жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтарды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметкерлеріне қатысты жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексерулер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынылған материалдары бойынша жүргізілуде", - деп хабарлайды ведомство.

 
Астана қаласында, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 65 жер учаскесі белгіленді. Оларды жергілікті атқарушы органдар "Astana", "Тараз", "Сарыарқа" және "Солтүстік" ӘКК инвестициялық жобалар үшін берген.
 

Бұл ретте ӘКК басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген инвестициялық емес жобаларды іске асыру үшін жер және кәсіпкерлік кодекстердің талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға жер учаскелерін рәсімдеген", - деп хабарлады Антикор.

 
Мысалы, Қарағанды облысында 2019-2021 жылдар аралығында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері "Сарыарқа" ӘКК-на 36 жер учаскесін беріп, оның 14-і Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларын және қалалардың бас жоспарын бұза отырып берілген.
 
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде "Солтүстік" ӘКК үшін 6 жер учаскесі берілді. Одан кейін олар сауда-саттықсыз құрылыс салушыларға берілді. Астана қаласы мен Жамбыл облысында осыған ұқсас бұзушылықтармен сәйкесінше 8 және 5 учаске берген.
 
Осылайша, қабылданған шаралар мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірудің алдын алды, деп атап өтті ведомствода.
 
Бұған дейін Қазақстанда 5 миллиард теңге сомаға заңсыз басып алынған жерлер мемлекетке қайтарылғаны хабарланған болатын.
 
Сондай-ақ, Алматыда "Барыс-4" базары мен қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруға жауапты "Алматы қала жарық" компаниясы мемлекеттік меншікке қайтарылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны