30.12.2022, 17:41 47616

Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды
Сурет: Depositphotos
Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына қол қойды

Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
 
Бұдан басқа, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң қабылдады.
 
5 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңын әзірлеуге кірісуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны