13.03.2023, 19:27 14501

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауға байқаушыларды аккредиттеу қорытындысын шығарды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауға байқаушыларды аккредиттеу қорытындысын шығарды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кезектен тыс сайлауды бақылау үшін 786 байқаушы аккредиттелді

Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары жарияланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кезектен тыс сайлауды бақылау үшін 786 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде 41 шет мемлекеттен 124 байқаушы және 12 халықаралық ұйымнан 662 байқаушы", - деп түйіндеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. ОСК мәліметінше, 26 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне өткізген сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32 мың 550 азамат енгізілген.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 17 наурызда сағат 24.00-де аяқталады.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісіне қатысуға ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға 33,4 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны