06.03.2025, 16:36 3296

СҚО 125 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны