06.03.2025, 10:05 3116
"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды
Достарға айту
"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.03.2025, 16:57 1466
Павлодарда қарбыздың ішіне героин мен гашиш салып тасымалдауға тырысқан қырғызстандыққа қатысты үкім шығарылды
Достарға айту
Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді.
Сотпен шетелдік азамат кінәлі деп танылды және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:52 1676
Павлодарда пирамида қаржысын ұйымдастырушылар салымшыларды 50 млн теңгеге алдаған
Достарға айту
Павлодарда "TAKORP" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.
Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа "ОКХ" арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.
Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.
50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түрінде шара қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:46 1886
Павлодар облысында өгей баласын ыдыс-аяқ жинамағаны үшін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Павлодар облысында өгей баласын ыдыс-аяқ жинамағаны үшін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
4 наурызда өгей әкесі кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды. Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты.
Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:39 2086
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды
Достарға айту
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2024 жылы жүйеге белгісіз біреулер аймақтағы колледж студенттерінен қорқытып алу арқылы ақша бопсалағаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.
Соның салдарынан қорқытып алуға қатысы бар бір топ жастар анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды.
2024 жылы проблемалар туындаған жағдайда қосымша жаңа батырмамен (#бізбірге) толықтырылды, ол арқылы балалар күннің кез келген уақытында психологпен тікелей байланыса алады (шақыру нөмірі 1301).
Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға көмек көрсетілді (оқу проблемалары, өмірдегі мақсаттың жоқтығы, құрдастарымен қарым-қатынас және т.б. мәселелер бойынша).
Мәселен, қараша айында бір әйел балаларын тастап, қарызына байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келгені туралы жүйеге хабарласқан.
Телефон арқылы оған дер кезінде психологиялық көмек көрсету нәтижесінде ол ондай ниетінен бас тартты.
Облыстық прокуратура заңның бұзылғаны туралы хабарлау және кез келген уақытта көмек алу үшін аталған жүйеге хабарласуға болатынын еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 11:15 2546
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды
Достарға айту
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысының прокуратурасы "№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 10:08 2896
Маңғыстау облысында педагогтар жалған құжаттар бойынша жұмыс істеді
Достарға айту
Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мысалы, "Ә" есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте "педагог-психолог" лауазымында жұмыс жасаған.
Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 16:15 22021
Талдықорғанда 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына соққыға жыққаны үшін 10 күнге қамауға алынды
Достарға айту
Талдықорған қаласы сотының үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды.
Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.
Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді.
Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚР ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.
Облыс прокуратурасы азаматтарды, егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, немқұрайлы қарамай, полицияға міндетті түрде хабарлауға шақырады.
Құқықтық тәртіп органдары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және заң аясында қорғау шараларын қабылдауға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 16:07 22061
"Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды
Достарға айту
Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды.
Марат Әбиев ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-тармағы (ұйымдасқан топты құру және басқару, сондай-ақ оған қатысу), 197-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы (мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз өңдеу), 234-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы (экономикалық контрабанда) бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктерді құруға және басшылыққа алуға байланысты қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырумен тағайындалды.
Оның сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімі бойынша айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алынған 6 млрд теңгеден астам қылмыстық табысы тәркіленді.
Бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары - Антон Новицкий, Жанібек Дарибаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметов - қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.
2018-2022 жылдар аралығында аталған тұлғалар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-да ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген.
Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылды, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылды.
Атап өтсек, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық табыс арқылы "Genesis" (немесе "Болашақ сәулетшілері") атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылдың 21 тамызында Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.03.2025, 10:05 "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды 06.03.2025, 14:32 3306Ұзынағашта 30 тұрғын үйдің іргелес аумағы су астында қалды06.03.2025, 10:08 3301Маңғыстау облысында педагогтар жалған құжаттар бойынша жұмыс істеді06.03.2025, 16:36 3041СҚО 125 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды06.03.2025, 11:15 2951Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды
27.02.2025, 16:48 131521Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 130566LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 130361Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 107911Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 98516Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 269171ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 260276Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206861Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 173746"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168366Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді