21.10.2022, 13:53 13261

Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялады

Бұл заң қазақстандық сарапшылар үшін Жаһандық жасыл өсу институтының білім базасына қолжетімділікті ашады.
Тоқаев Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялады
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Бұл заң қазақстандық сарапшылар үшін Жаһандық жасыл өсу институтының білім базасына қолжетімділікті ашады.
 
Құжат, атап айтқанда, осы бағытта жұмыс істейтін халықаралық ұйымдармен және халықаралық институттармен ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған экономикалық жасыл өсу моделін құруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны