"Жастар - Отанға!" бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталар бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАУСЫМ - "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары Саяси кеңесі Бюросының шешімімен "Жастар-Отанға!" бағдарламасын іске асыру бойынша еліміздің әрбір аудан, қала және облысы үшін 216 Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, алдағы бес жыл ішінде 3,5 мыңға жуық индикаторға қол жеткізу, 35 жасқа дейінгі 4,5 миллионнан астам жас қазақстандықты қамтитын 6,5 мың іс-шараны іске асыру жоспарлануда.
"Жастар-Отанға!" бағдарламасы, жастардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған 5 бағыттағы жұмысты қамтиды: азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана және жас отбасыларды қолдау, тұлға ретінде даму мен бос уақытты тиімді өткізу.
Атап айтқанда, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтық қысқартылады, жастардың ғылыми-зерттеу әлеуеті артады, отбасы институтына, сондай-ақ жас дарындарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Өңірлерде жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісіп кетті. Мысалы, Түркістан облысында Жол картасына "Жасыл ел" жобасы арқылы 6400 жасты жұмысқа тарту, "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасы арқылы 1048 жасты жұмысқа орналастыру және т.б. жоспарлар енгізілген.
Нұр-Сұлтанда жыл сайын пәтер сатып алуға 7 млрд. теңге бөлінетін "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, ал Алматыда "Алматы жастары" жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй сатып алуға 5 мың жас отбасы несие алады.
Ақмола облысында 2025 жылға дейін 2 700 орындық 7 студенттік жатақхананың құрылысы аяқталады. Петропавлда 2021 жылы Жастар театрының ашылуы жоспарлануда.
Алматы облысында жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін өңірлік бағдарлама жыл сайын 2 мыңға жуық жасты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге уәде береді.
Қостанай облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2025 жылға дейін бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңы, жүзу бассейні, 10 стритбол алаңы, 12 стрит-воркаут алаңы, 29 хоккей корты салынатын болады.
Сонымен қатар, "Жастар – Отанға!" жастар кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінуде. Мәселен, Маңғыстау облысында жыл сайын 500 жас "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады. Ал Тараз қаласында 2023 жылы "SMART" оқу орталығын ашу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетсек, маусым айының басында партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен "Жастар-Отанға!" бағдарламасын іске асыруға 2025 жылға дейін республикалық Жол картасы бекітілді. Орталықта және жергілікті жерлерде бағдарламаның іске асырылу барысын Мәжіліс пен мәслихаттардың 616 жас депутатынан тұратын жаңадан құрылған Корпус бақылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады
Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.
Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", - деп, Болат Жәмішев өз шешіміне түсінік берді.
Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда - "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтуде
Жасанды интеллектінің жаһандық моделі жедел түрде бәсекелестіктен кооперативтік үлгіге ауысуда. Ол үшін IT-индустрияның әлемдік көшбасшылары ынтымақтаса отырып, өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Танымал платформаларда энтузиастар өз әзірлемелерімен ашық түрде бөлісуде. Олар мұны технологиялардың жаппай дамуы үшін жасап жатыр. Біз бұл тәжірибені өзіміздің және бірлесіп жасалатын әзірлемелер үшін де пайдалануымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аlem.АІ халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзіреттер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл Астанада ашылады. Бұл бір алаңда жетекші IT-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов, Alem.АІ орталық базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен R&D жобаларын әзірлеуде ЕАЭО бойынша әріптестердің күш-жігерін біріктіру қажеттігіне назар аудара отырып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар
Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы жас қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алу мақсатында қолдау көрсетуге бағытталған, бұл ересек өмірге қадам басуға көмек болады. Жыл сайын балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан нысаналы талаптар/жинақтар түріндегі қаражат, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейінгі инвестициялық кіріс есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.01.2025, 11:21"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар 31.01.2025, 11:27 6356Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 5171"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 4391Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды31.01.2025, 11:30 2896Қазақстанда 78 лауазымды тұлға тексерістен кейін жауапкершілікке тартылды
24.01.2025, 16:38 131746Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129016Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128706Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті24.01.2025, 15:14 117756Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 15:11 1082661 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады
24.01.2025, 16:38 131746Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129016Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128706Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 125986Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1214812024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді