03.03.2025, 16:35 4311

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын кезекті "Sim-Box" жабдығы тәркіленді

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын кезекті "Sim-Box" жабдығы, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Интернет-алаяқтықтың заманауй түрлерін есекерту" жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.


2025 жылдың 1 наурызында Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және бұрын "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ-мен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-нің жедел сүйемелдеуімен фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдікті ұсталды.

Ұсталған адам Шымкент қаласының тумасы, жеңіл жалақы туралы интернет-хабарландыруға үн қатқан, ол хабарландырудың мәні телекоммуникациялық компанияға жұмыс істеу түрінде байланыс арналарын күшейту үшін жабдықтарды орнату және басқару болған. Алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін ол көрші мемлекетке барып, қажетті жабдықтар сатып алып, содан кейін 2025 жылдың 27 ақпанында Алматыға келген.

Жалға алынған пәтерді тексеру барысында әрқайсысы 32 SIM-картаға есептелген екі SIM-бокс құрылғысы, сондай-ақ әр түрлі ұялы операторлардың SIM-карталары табылды.

Техникалық құралдар нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңырауларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған.

Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, құпия сөздерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны