03.03.2025, 16:04 3891
Екі Қазақстандық терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Достарға айту
Екі Қазақстандық терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде "Ислам үшін" атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған "Мұсылман бауырлар" және "Өзбекстан-исламдық қозғалысы" халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.
Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында "WhatsApp" және "Facebook" әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.
Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.
Үкімдер заңды күшіне енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2025, 16:35 3031
Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын кезекті "Sim-Box" жабдығы тәркіленді
Достарға айту
Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын кезекті "Sim-Box" жабдығы, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Интернет-алаяқтықтың заманауй түрлерін есекерту" жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
2025 жылдың 1 наурызында Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және бұрын "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ-мен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-нің жедел сүйемелдеуімен фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдікті ұсталды.
Ұсталған адам Шымкент қаласының тумасы, жеңіл жалақы туралы интернет-хабарландыруға үн қатқан, ол хабарландырудың мәні телекоммуникациялық компанияға жұмыс істеу түрінде байланыс арналарын күшейту үшін жабдықтарды орнату және басқару болған. Алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін ол көрші мемлекетке барып, қажетті жабдықтар сатып алып, содан кейін 2025 жылдың 27 ақпанында Алматыға келген.
Жалға алынған пәтерді тексеру барысында әрқайсысы 32 SIM-картаға есептелген екі SIM-бокс құрылғысы, сондай-ақ әр түрлі ұялы операторлардың SIM-карталары табылды.
Техникалық құралдар нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңырауларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған.
Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, құпия сөздерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 10:14 4166
ҚМА Астанада 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі тергеп жатыр
Достарға айту
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінді.
Алайда, 2023-2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын үш есе арттырған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.
Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды.
Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге💵, 367 мың АҚШ доллары💵және 366 мың еуро 💶сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды.
Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 18:35 32486
Алматыда кезекті SIM-бокс тәркіленді
Достарға айту
2025 жылғы 28 ақпанда прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының ҰҚКД қызметкерлері "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ-мен бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Бас прокуратуранан.
Тексеру барысында екі SIM-бокс анықталды, олардың біреуінде нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңыраулар үшін пайдаланылған SIM-карталарға арналған 32 слоты, сондай-ақ түрлі операторлардың көптеген SIM-карталары бар.
Бұған дейін 2024 жылғы 1 қарашада Алматы қаласының прокуратурасы, "Қазақтелеком" АҚ мен "Кселл" АҚ арасында фрод-қоңырауларға қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 2024 жылы бірлескен күштің арқасында Алматыда 14 SIM-бокс машинасының қызметі жойылды.
Қылмыстық топтардың еліміздің басқа өңірлеріне белсенді қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің жәрдемдесуімен Ұлттық қауіпсіздік комитетін жұмысқа қосу туралы шешім қабылданды.
Осылайша Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық топтың жұмысы барысында, соның ішінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Киберқауіпсіздік ақпарат басқармасының жедел сүйемелдеуімен еліміздің 8 өңірінде 202 абоненттік нөмір анықталды. 9 SIM-бокс құрылғысы тәркіленген 8 мекенжай анықталды, 8 адам ұсталды, оның ішінде Ресей Федерациясының 6 азаматы. Сондай-ақ түрлі ұялы операторлардың 8 407 SIM-картасы тәркіленді.
Интернет алаяқтықпен күрес жұмысы жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:13 48181
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды
Достарға айту
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Жезқазған қалалық соты Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә., оның қарамағындағылар - тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, "Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және "Тілдерді дамыту ресурстық орталығы" КММ басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.
Олар Жезқазған қаласында 3,9 млн теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:09 48406
Астанада концерттерге жалған билеттер алаяқ сатқан алаяқ сотталды
Достарға айту
Астанада концерттерге жалған билеттер алаяқ сатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.
2024 жылы қала тұрғыны елордада өтетін концерттерге билет сату туралы жалған хабарландыруларды "OLX" сайтына орналастырып, арзан бағаға билет сатып алғысы келген азаматтардың назарын аударған. Ол төлем алғаннан кейін (5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) жәбірленушілерге жалған электронды билеттер жолдаған.
Барлығы 38 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын қаражатты иемденген.
Кінәсін мойындауын, шынайы өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын және жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелгенін ескере отырып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.
Астана қаласының прокуратурасы күмәнді хабарландыруларға назар аудармауға және тауарлар мен қызметтерді тек ресми сату орындары мен интернет-платформалардан сатып алуға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 13:59 48666
ҰҚК Қазақстан азаматын 13 келі мефедронмен ұстады
Достарға айту
2025 жылдың ақпанында ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық "мефедрон" зат тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 13:55 48906
ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты
Достарға айту
ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған.
Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк "Қара Май Ойл" шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті.
Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:
Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған;
Оларға "камаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 10:49 48631
ІІМ: Жыл басынан бері ҰҚТ бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалды. Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір фактісі анықталды.
Сондай-ақ бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау орбитасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2025, 10:19Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады 03.03.2025, 11:23 7651Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды03.03.2025, 16:15 6951Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды03.03.2025, 16:22 6641Қазақстанда суық суға тарифтер бір айда шамамен 30% - ға өсті03.03.2025, 16:32 5681ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
27.02.2025, 16:48 129066Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 128896LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 128686Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 98521Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96036Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268731ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259836Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206431Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 167921Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167656Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады