06.03.2025, 16:52 2816

Павлодарда пирамида қаржысын ұйымдастырушылар салымшыларды 50 млн теңгеге алдаған

Павлодарда "TAKORP" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа "ОКХ" арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.

Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.

50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.

Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түрінде шара қабылданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны